|
Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылауға ұсынады.
Сіз өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 2026 жылғы 17 наурызға дейін sh.akylbaeva@akimvko.gov.kz электронды мекен жайға жолдай аласыз. |
|||||
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзін көрсете отырып, негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1. |
Қоғамның әлеуметтік және отбасылық негіздерін нығайтуға бағытталған кешенді гендерлік саясатты іске асыру |
2 000,0 |
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 42-тармағы
|
Аудан халқы |
Жобаны іске асыру нәтижесінде гендерлік теңдік деңгейі және әйелдер мен ерлердің қоғамдық өмірге саналы түрде қатысуы артады, әлеуметтік және отбасылық құндылықтар нығайтылады, сондай-ақ қоғамның орнықты дамуына ықпал ететін өзара сыйластық пен тең мүмкіндіктер мәдениеті қалыптасады. |