Ұлан ауданының 2026 жылғы қаңтар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2026 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны – 32 210 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.

 

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2026 жылдың қаңтар айында нақты бағада 5756 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 97,9 % құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 94 %, өндіріс өнеркәсібі- 100,9 %, азық түлік өнімдерін өндіру- 101,2 % құрады.

2026 жылдың қаңтар айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 858,8 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 33,4 % азайды. Орындалған құрылыс жұмыстары 30 млн. теңгені құрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2026 жылдың қаңтар айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 6 146,8 тонна (2025 жылдың сәйкес кезеңіне 88,8 %-ды) құрады.

1 708,6 тонна (112,4 %) - сүт өндірісі.

103 мың дана (223,9 %) - жұмыртқа

2026 жылдың 1 ақпанына Ірі қара мал саны 2,8 % артып, сиырдың басы 2,3 % өсті, қой мен ешкі саны 5,6 % артты, шошқа басы 0,3 % кеміді, жылқы басы 1,6 % артты және құс  басы 3,4 % өсті.

 

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 8,8 % өсіп, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 14 % артты.

Дата публикации
19 февраля 2026