Ұлан ауданының 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2025 жылдың 1 желтоқсанына ауданның халық саны – 32 247 адамды құрайды, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айында нақты бағада 71 816,1 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 104,7% құрады. Таулы өнеркәсіп- 1230,4% құрады, өндіріс өнеркәсібі- 102,1% , азық түлік өнімдерін өндіру- 100% құрады.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 26 420 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 19,2% артты. Тұрғын үйді енгізу 1,9% өсті өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 16 961,2 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 86 338,7 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 99,8%-ды) құрады.
42 633,5 тонна (105,1%) - сүт өндірісі.
5 135,9 мың дана (88,8 %) - жұмыртқа
2026 жылдың 1 қаңтарына Ірі қара мал саны 0,4% артты, сиыр 1,5% өсті, қой мен ешкі саны 5,1% артты, шошқа 11,8% азайды, жылқы басы 1,4% ұлғайды және құс басы 5,2% азайды.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айында орташа еңбек ақы мөлшері 369 277 теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға ұлғайды.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 8,5% артты, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 14 % артты.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2025 жылдың желтоқсан айында 62 055 теңгені құрады.