2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қызметкер табысынан 3,5% дейін ұлғайтылды (ЖМЗЖ мөлшері жыл сайын кезең-кезеңмен өсуде - 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы – 5%).
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) өз қызметкерлерінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуға міндеттелді. Осылайша халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс берушінің қатысуымен іске асырылатын жаңа құрамдас бөлікпен толықтырылды.