Ұлан ауданының 2025 жылғы қаңтар-қарашаға әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Ұлан ауданының 2025 жылғы  қаңтар-қарашаға әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2025 жылдың 1 қарашаға ауданның халық саны – 32 281 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың қаңтар-қараша айында нақты бағада 64 661,6 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 103,6% құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 918,5%, өндіріс өнеркәсібі- 101,7%, азық түлік өнімдерін өндіру- 100,1% құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2025 жылдың қаңтар-қараша айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 19 303,9 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 20,7% өсті. Тұрғын үйді енгізу 1,9% артты өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 11 526,1 млн. теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2025 жылдың қаңтар - қараша айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 78 242,7 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 99,7%-ды) құрады.

39 097,5 тонна (106,9%) - сүт өндірісі.

4 834,9 мың дана (88,2%) - жұмыртқа

2025 жылдың 1 қараша айына Ірі қара мал саны 0,1% азайып, сиырдың басы 49,7% артты, қой мен ешкі саны 1,1% артып, шошқа басы 14,8% кеміді, жылқы басы 3,1% ұлғайды және құс басы 1,3% артты.

 

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 8,5% ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 14% өсті.

 

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2025 жылдың қараша айында 61 020 теңгені құрады.

Дата публикации
17 декабря 2025