Ұлан ауданының 2025 жылғы қаңтар-қазанға әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Ұлан ауданының 2025 жылғы  қаңтар-қазанға

әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2025 жылдың 1 қазанына ауданның халық саны – 32 424 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың қаңтар-қазан айында нақты бағада 57 666,4 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 102,2 % құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 504,2 %, өндіріс өнеркәсібі- 101,1 %, азық түлік өнімдерін өндіру- 100,2 % құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2025 жылдың қаңтар-қазан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 16 793 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 20,3 % өсті. Тұрғын үйді енгізу 8,4 % кеміді өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 10 426,1 млн. теңгені құрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2025 жылдың қаңтар - қазан айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 71 075,4 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 99,5 %-ды) құрады.

35 097,8 тонна (106,6 %) - сүт өндірісі.

4 266,9 мың дана (85,1 %) - жұмыртқа

2025 жылдың 1 қазан айына Ірі қара мал саны 0,5 % артып, сиырдың басы 9,5 % өсті, қой мен ешкі саны 0,6 % артып, шошқа басы 19 % кеміді, жылқы басы 2,9 % ұлғайды және құс  басы 0,1 % азайды.

2025 жылдың қаңтар- қазан айында орташа еңбек ақы мөлшері 369 277 теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 %-ға ұлғайды.

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 8,9 % ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 12 % артты.

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2025 жылдың қазан айында 67 820 теңгені

Дата публикации
14 ноября 2025