ШЕШІМ ЖОБАСЫ
Ұлан ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі (бөлшек салық) арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 726- бабына сәйкес, Ұлан ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ұлан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін алынған (алынуға жататын) кірістер (шығыстарды есепке алмағанда) бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлан ауданы
мәслихатының төрағасы Г. Калиева