Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Әділет органдары туралы» заңымен заң көмегін ұйымдастыру және көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады.

Осыған байланысты Министрлік жанынан Құқықтық ақпарат қызметі халыққа құқықтық ақпарат беру бойынша тәулік бойы (үзіліссіз және демалыссыз) тегін анықтамалық, консультациялық қызметтер көрсетуді, құқықтық мәселелер және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша консультация беруді жүзеге асырады.
Бұған қоса, мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету мақсатында «Е-Заң көмегі» бірыңғай ақпарат жүйесі қызмет көрсетеді (https://eup.adilet.gov.kz).

 

Дата публикации
10 декабря 2024