«Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жергілікті мемлекеттік органның функцияларын жүзеге асыруға Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім құзыреті шеңберінде 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;
2)құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
3)эскизді (эскиздік жобаны) келісу;
4)объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;