«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Райымбек аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Албан-Асан көшесі, 1, почта индексі 041800, телефон +7 (72779) 21500, +7 (72779) 21500, kadrnarynkol@mail.ru
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Еңбек кодексі»;
- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық
денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» Кодексі;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы;
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы;
Республикасындағы тіл туралы" заңы:
ұйымдастырушылық аспектілері;
- денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
- басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
- денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
- халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
- отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
- төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру,
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
1) Конкурсқа қатысуға өтінім; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; кез келген нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
2) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және бұзу туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/у нысанындағы денсаулығы туралы анықтама (қайта тіркелген) № 6697 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі;
4) соттылығының жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы.
5) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша Кәсіпорынға құжаттарды электронды түрде береді.
6) Құжаттардың түпнұсқасы сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Егер олар ұсынылмаса, ниет білдіруші конкурстан өтуге жіберілмейді.
7) Презентация көрсету.
Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысуға өтінімдер беру
уақыты:
Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.