Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар

Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар

Субсидия тауар өндірушілерге және басқа жеке және заңды тұлғаларға тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген қаражат пен іс-шара аясында және есебінен бағыттардың мынадай басымдылығына сай төленеді:

1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға;

2) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға.

Бір немесе бірнеше бағыт бойынша қаражат қалып қойған жағдайда, субсидиялар субсидиялау бағытының басымдығына сәйкес қайта бөлінеді.

Жыл сайын тиісті ауданның, облыстық мәні бар қаланың Ауыл шаруашылығы бөлімі өтінімдер қабылдау басталардан бес күнтізбелік күн бұрыннан кешіктірілмеген мерзімде аудан, облыстық мәні бар қала әкімдігінің интернет-ресурсына субсидиялауға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады. Өтінімдер қабылдау 20 қаңтардан басталады. Тауар өндірушілердің, жеке және заңды тұлғалардың субсидия алуына қажет талап – субсидия алуға өтінім берген сәтте нормативтік құқықтық актіде көрсетілген өлшемдер мен талаптарға сай болу.

Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар
Дата публикации
18 октября 2023