Ұлан ауданының 2023 жылғы қаңтар-сәуірге әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2023 жылдың 1 сәуіріне ауданның халық саны – 33 960 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.

 

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2023 жылдың қаңтар-сәуір айында нақты бағада 20 526,2 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 151,8% құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 73,1 %, өндіріс өнеркәсібі- 159,4%, азық түлік өнімдерін өндіру- 166,1 % құрады.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2023 жылдың қаңтар-сәуір айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 4 156,8 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 53,4% азайды. Тұрғын үйді енгізу 20,2 % кем өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 680,7 млн. теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2023 жылдың қаңтар-сәуір айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 26 820 тонна (2022 жылдың сәйкес кезеңіне 168,3 %-ды) құрады.

17 552,3 тонна (102,5 %) - сүт өндірісі.

1 148,8 мың дана (100,9 %) - жұмыртқа

2023 жылдың 1 мамырына Ірі қара мал саны 2,5 % ұлғайып, сиырдың басы 7,4% ұлғайды, қой мен ешкі саны 9,6 % ұлғайды, шошқа 0,1 % артып, жылқы басы 9,2% ұлғайды және құс  басы 79,7% артты.

2023 жылдың сәуір айында орташа еңбек ақы мөлшері 278 752 теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5 %-ға ұлғайды.

 

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 0,8 % кеміп, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 4 % артты.

 

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2023 жылдың сәуір айында 49 291 теңгені құрады.

2023 жылдың сәуір айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 100,9 %  мөлшерін құрады.

Ұлан ауданының 2023 жылғы қаңтар-сәуірге әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Дата публикации
14 июня 2023