Ұлан ауданының 2023 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2023 жылдың 1 мамырына ауданның халық саны – 33 934 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.

 

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2023 жылдың қаңтар-мамыр айында нақты бағада 25 510,4 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 151,3% құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 68,3 %, өндіріс өнеркәсібі- 158,3%, азық түлік өнімдерін өндіру- 166,8 % құрады.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2023 жылдың қаңтар-мамыр айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 4 985,2 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 52,4 % азайды. Тұрғын үйді енгізу 33,9 % кеміді өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 980,7 млн. теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2023 жылдың қаңтар-мамыр айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 33 921,7 тонна (2022 жылдың сәйкес кезеңіне 168,1 %-ды) құрады.

25 772,5 тонна (102,5 %) - сүт өндірісі.

1 641,3 мың дана (101,3 %) - жұмыртқа

2023 жылдың 1 маусымына Ірі қара мал саны 2,4 % ұлғайып, сиырдың басы 7,5 % артты, қой мен ешкі саны 8,9 % ұлғайды, шошқа 1,6 % өсіп, жылқы басы 9,3 % ұлғайды және құс  басы 2 есеге көбейді.

 

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 0,8 % ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 4,6 % артты.

 

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2023 жылдың мамыр айында 49 576 теңгені құрады.

2023 жылдың мамыр айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 100,6 % мөлшерін құрады.

Социально-экономическое развитие Уланского района за январь-май 2023 года
Дата публикации
14 июня 2023