2023-2025 жылдарға арналған Ұлан ауданының азаматтық бюджеті

Сіздердің назарларыңызға 2023 - 2025 жылдарға арналған Ұлан ауданының азаматтық бюджетінің жобасы ұсынылып отыр, онда аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері туралы ақпарат және бюджет қаражаты шығыстарының жұмсалу бағыттары қамтылған.

Бұл құжат мынадай бөлімдерді қамтиды:

- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;

- аудан бюджетінің түсімдері және шығыстары;

- аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп.

2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Болжамына сәйкес қалыптастырылған және аудандық мәслихатының 2021 жылғы                27 желтоқсандағы № 96 сессиясында бекітілген.

2023-2025 жылдарға арналған Ұлан ауданының азаматтық бюджеті
Дата публикации
13 апреля 2023