Ұлан аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

Ұлан аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Ұлан аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік аумақтық шекараларында пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде Ұлан аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау округі құрылсын.
  2. Ұлан аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын
  3. Қаулы Ұлан аудандық мәслихатқа жіберілсін.
  4. Осы қаулы Ұлан аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ұлан таңы» газеттерінде орналастырылсын.
  1. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлан аудандық сайлау комиссия

төрағасының орынбасары                                                       Г.  Раимбекова

                                                

Ұлан аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                                          Ж. Балтабаева

Ұлан аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
28 декабря 2022