Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2022 жылдың 1 қарашасына ауданның халық саны – 34 038 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2022 жылдың қаңтар-қараша айында нақты бағада 34 686,2 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 107% құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 140,6% , өндіріс өнеркәсібі- 107,5%, азық түлік өнімдерін өндіру- 106,1% құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2022 жылдың қаңтар-қазан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 30 498,8 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 166,7% жоғарылады. Тұрғын үйді енгізу 163,8% құрады өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 14 009,9 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2022 жылдың қаңтар- қараша айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 55 627,3 тонна (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 124,7 %-ды) құрады.
73 447,4 тонна (102,6 %) - сүт өндірісі.
5 850 мың дана (30,4 %) - жұмыртқа
2022 жылдың 1 қараша айына Ірі қара мал саны 0,4 % азайып, сиырдың басы 1,3% ұлғайды, қой мен ешкі саны 14 % ұлғайды, шошқа 1 % өсті, жылқы басы 11,1 % ұлғайды және құс басы 79,5 % ұлғайды.
2022 жылдың қаңтар-қараша айында орташа еңбек ақы мөлшері 248 171 теңгені құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9 %-ға ұлғайды.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 103,9 % ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 106,3 % артты.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2022 жылдың қараша айында 47 173 теңгені құрады.
2022 жылдың қараша айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 101,4% мөлшерін құрады.