Ұлан ауданы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысымен «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ұлан ауданының маслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі болу–құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресмі жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі
Ұлан ауданы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы
Дата публикации
08 декабря 2022