Ұлан ауданының 2022 жылғы қаңтар-қазанға әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2022 жылдың 1 қазанына ауданның халық саны – 34 031 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.

 

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2022 жылдың қаңтар-тамыз айында нақты бағада 30 576,1 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 106% құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 121,7%, өндіріс өнеркәсібі- 106,7%, азық түлік өнімдерін өндіру- 105,7% құрады.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2022 жылдың қаңтар-қазан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 29 121,8 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 75 % жоғарылады. Тұрғын үйді енгізу 84,3% артты өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 13 363,6 млн. теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2022 жылдың қаңтар- қазан айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 47 777,5 тонна (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 119,3 %-ды) құрады.

67 188 тонна (102,6 %) - сүт өндірісі.

5 386 мың дана (29,4 %) - жұмыртқа

2022 жылдың 1 қазан айына Ірі қара мал саны 0,1 % азайып, сиырдың басы 1,4% ұлғайды, қой мен ешкі саны 14,2 % ұлғайды, шошқа басы 5,6 % азайды, жылқы басы 10,8% ұлғайды және құс  басы 86,4 % ұлғайды.

2022 жылдың қаңтар- қазан айында орташа еңбек ақы мөлшері 248 171 теңгені құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9 %-ға ұлғайды.

 

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 1,5 % ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 5,8 % артты.

 

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2022 жылдың қазан айында 51 365 теңгені құрады.

2022 жылдың қазан айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 101 % мөлшерін құрады.

 

Ұлан ауданының 2022 жылғы қаңтар-қазанға әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Дата публикации
21 ноября 2022