Ұлан ауданы бойынша 2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

ЖОБА

 

Ұлан аудандық мәслихатының 

ШЕШІМІ

 

Ұлан ауданы бойынша 2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20284 болып тіркелген)  бұйрығы негізінде Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ұлан ауданы бойынша 2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төмен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сай бекітілсін;
  2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ұлан ауданының мәслихат хатшысы  _______________        Г. Калиева

Ұлан ауданы бойынша 2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы
Дата публикации
31 октября 2022