Ұлан ауданының 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекке әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2022 жылдың 1 шілдесіне ауданның халық саны – 37 512 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.

 

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айында нақты бағада 27 098 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 106,5 % құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 121,6 %, өндіріс өнеркәсібі- 107,1 %, азық түлік өнімдерін өндіру- 106,6 % құрады.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2022 жылдың қаңтар- қыркүйек айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 20 491,4 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 34 % жоғарылады. Тұрғын үйді енгізу 4,2 % артты өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 5 428,7 млн. теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2022 жылдың қаңтар - қыркүйек айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 40 267,8 тонна (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 111,9 %-ды) құрады.

60 832,9 тонна (102,7 %) - сүт өндірісі.

4 833 мың дана (28,2 %) - жұмыртқа

2022 жылдың 1 қазанына Ірі қара мал саны 0,3 % азайып, сиырдың басы 2,2% ұлғайды, қой мен ешкі саны 14 % ұлғайды, шошқа 1,6 % азайып, жылқы басы 10,8 % ұлғайды және құс  басы  2 есеге артты.

2022 жылдың қаңтар-маусым айында орташа еңбек ақы мөлшері 256 916 теңгені құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1 %-ға ұлғайды.

 

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2022 жылдың қыркүйек айында 50 605 теңгені құрады.

2022 жылдың қыркүйек айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 101,9% мөлшерін құрады.

Ұлан ауданының 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекке әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Дата публикации
18 октября 2022