2022 жылғы 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет және Саратовка ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Ұлан ауданының Аблакет және Саратовка ауылдық округтері әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Аблакет сайлау округі бойынша
Аблакет ауылдық округі әкімінің сайлауы
Аблакет сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2219 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 1936 дауыс берді.
Аблакет ауылдық округінің әкімі болып Арыслан Орынбасарұлы Ағланбеков сайланды, 1968 жылы туған, әкім, «Аблакет ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Шығыс Қазақстан облысы, Сағыр ауылының тұрғыны, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.
Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 17 қазандағы шешімімен, 2022 жылғы 16 қазанда Ұлан ауданының Аблакет ауылдық округінің әкімі болып сайланған - Арыслан Орынбасарұлы Ағланбеков тіркелді.
Саратовка сайлау округі бойынша
Саратовка ауылдық округі әкімінің сайлауы
Саратовка сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 997 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 898 дауыс берді.
Саратовка ауылдық округінің әкімі болып Азамат Қадырбайұлы Манапов сайланды, 1991 жылы туған, сектор меңгерушісі, «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Шығыс Қазақстан облысы, Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.
Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 17 қазандағы шешімімен, 2022 жылғы 16 қазанда Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округінің әкімі болып сайланған - Азамат Қадырбайұлы Манапов тіркелді.
Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы