2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының  «Халықты  жұмыспен  қамту  туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандағы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен дара кәсіпкерлердегі ауыр жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Оқасовқа жүктелсін.

      

  

Ұлан ауданының әкімі                                                                    Р. Құрмамбаев

2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Дата публикации
27 сентября 2022