2023 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, аудандағы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде, 2023 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
  2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, аудандағы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде, 2023 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
  3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде,  2023 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Қ. Оқасовқа жүктелсін.

 

 

Ұлан ауданының әкімі

Р. Құрмамбаев

Қаулы
Дата публикации
27 сентября 2022