Ұлан ауданының ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

№01/04/12 ҚАУЛЫ

 

 

2022 жыл 16 қыркүйек                                                          Қасым Қайсенов кенті

 

 

Ұлан ауданының ауылдық округі

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылғы 16 қазанда Ұлан ауданы, Аблакет, Саратовка ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы тағайындалсын:
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылғы 16 қазанға белгіленген Ұлан ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар кестесі бекітілсін.
  3. Осы қаулы Ұлан ауданы сайлау комиссиясының сайтында және аудандық «Ұлан таңы» газетінде жариялсын.

 

 

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                                   А. Кумарова                                          

Сайлау комиссиясының хатшысы                                                   Ж. Балтабаева

Ұлан ауданының ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
16 сентября 2022