Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
№01/04/11 ҚАУЛЫ
2022 жыл 16 қыркүйек Қасым Қайсенов кенті
Ұлан ауданы бойынша ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына сәйкес, Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ұлан ауданы бойынша ауыл әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:
- Аблакет ауылдық округінің әкімі – Сағыр ауылы, Мамай батыр ауылы, Бестерек ауылы, Желдіөзек ауылы, Аблакет ауылдық округінің шекарасындағы Аблакет сайлау округі;
- Саратовка ауылдық округінің әкімі – Саратовка ауылы, Ново-Одесское ауылы, Отрадное ауылы, Саратовка ауылдық округінің шекарасындағы Саратовка сайлау округі;
- Ұлан ауданы бойынша құрылған сайлау округтерінің шекаралары мен аудандық сайлау комиссиясының мекен-жайын Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет - сайтына және «Ұлан таңы» аудандық газетінде жариялансын.
Сайлау комиссиясының төрағасы А. Кумарова
Сайлау комиссиясының хатшысы Ж. Балтабаева