Ұлан ауданының 2022 жылғы қаңтар-тамызға әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2022 жылдың 1 тамызына ауданның халық саны – 37 512 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.

 

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2022 жылдың қаңтар-тамыз айында нақты бағада 23 553 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 106,3% құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 19,4% артты, өндіріс өнеркәсібі- 6,8%, азық түлік өнімдерін өндіру- 6,6% өсті.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2022 жылдың қаңтар-тамыз айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 17 162,5 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 43,5% жоғарылады. Тұрғын үйді енгізу 11,4% артты өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 3 684,4 млн. теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2022 жылдың қаңтар- тамыз айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 33 721,2 тонна (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 104,9 %-ды) құрады.

53 547,5 тонна (102,7 %) - сүт өндірісі.

4 043 мың дана (25,7 %) - жұмыртқа

2022 жылдың 1 қыркүйегіне Ірі қара мал саны 0,2 % азайып, сиыр басының саны 1,5% ұлғайды, қой мен ешкі саны 14,1% ұлғайды, шошқа 1,6% азайып, жылқы басы 9,9% ұлғайды және құс  басы 86,6% артты.

2022 жылдың тамыз айында орташа еңбек ақы мөлшері 256 916 теңгені құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1 %-ға ұлғайды.

 

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 4,4% ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 6,6% артты.

 

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2022 жылдың тамыз айында 53 205 теңгені құрады.

2022 жылдың тамыз айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 101,5% мөлшерін құрады.

Ұлан ауданының 2022 жылғы қаңтар-тамызға әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Дата публикации
15 сентября 2022