Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2022 жылдың 1 маусымына ауданның халық саны – 37 512 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2022 жылдың қаңтар-маусым айында нақты бағада 17 067,6 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 107,2 % құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 118 %, өндіріс өнеркәсібі- 107,7 %, азық түлік өнімдерін өндіру- 107,5 % құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2022 жылдың қаңтар- маусым айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 12 567,1 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 39 % жоғарылады. Тұрғын үйді енгізу 9,6 % артты өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 1 960,5 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2022 жылдың қаңтар- маусым айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 25 902,6 тонна (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 106,9 %-ды) құрады.
33 257,3 тонна (103,4 %) - сүт өндірісі.
2 344 мың дана (20,2 %) - жұмыртқа
2022 жылдың 1 шілдесіне Ірі қара мал саны 100 % , сиырдың басы 0,2% ұлғайды, қой мен ешкі саны 13,9 % ұлғайды, шошқа 1,7 % азайып, жылқы басы 9,9 % ұлғайды және құс басы 10,7 % кеміді.
2022 жылдың маусым айында орташа еңбек ақы мөлшері 247 698 теңгені құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4 %-ға ұлғайды.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 4,8 % ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 3,3 % артты.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2022 жылдың маусым айында 49 300 теңгені құрады.
2022 жылдың маусым айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 101,3 % мөлшерін құрады.