Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімінің 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы

Ауданның жер қорының құрылымы

Ұлан ауданының аумағы 962,5 мың га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 603,1 мың га;

елді мекендердің жерлері – 76,6 мың. га; 

өнеркәсіп,  көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлері – 7,4 мың. га;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлері - 0,091 мың га;

орман қорының жерлері-129,6 мың га;

су қорының жерлері – 15,7 мың га;

босалқы жері - 121,1 мың га.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрамында ауыл шаруашылығы алқаптары 567,5 мың га құрайды, оның ішінде: егістік – 130,8 мың га, тыңайған жерлер – 7,3 мың га, шабындықтар – 33,8 мың га, жайылымдар                      – 395,6 мың га.

Босалқы жерлер санатында 121,1 мың га, оның ішінде: тыңайған жерлер – 2,1 мың га, шабындықтар – 27,0 мың га, жайылымдар – 64,6 мың га бар.

Суармалы жерлердің ауданы 11,1 мың га құрайды, оның ішінде: егістік – 9,5 мың га, тыңайған жер – 1,1 мың га, шабындық – 0,1 мың га, жайылым – 0,4 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлер – 9,4 мың га құрайды, оның ішінде: егістік – 9,4 мың га.

Босалқы жерлер санатында 1,4 мың га суармалы жер бар, оның ішінде: тыңайған жерлер – 0,9 мың га, шабындықтар – 0,1 мың га, жайылымдар –                 0,4 мың га.

 

Азаматтардың өтініштерін қарау

2021 жылғы кезеңде жер қатынастары бөлімімен азаматтардың 70 өтініші қаралды. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 59-на жазбаша түсініктеме берілді, 9 өтініш қанағаттандырылды, 1 өтініш тоқтатылды, 1 өтініш басқа мемлекеттік органга қарауға жіберілді.

Барлық сұрақтар бойынша өтініш берушілерге қолданыстағы заңнамада түсіндірілген жазбаша жауаптар жолданды.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету

2021 жылдың өткен кезеңінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 1287 құрайды, оның ішінде:

  1. "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" - 4;
  2. "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" - 469;
  3. "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" - 1;
  4. "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру" - 4;
  5. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 63;
  6. Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 746.

 

Аудандық жер комиссиясының отырыстарын өткізу

2021 жылы аудандық жер комиссиясының 25 отырысы өткізіліп, онда жер учаскелеріне құқық беру, нысаналы мақсатын өзгерту және т. б. туралы азаматтардың 564 өтініші қаралды.

Жер комиссиясының қарау қорытындысы бойынша 366 оң шешім қабылданды, 198 өтініш бойынша бас тартылды. Жер учаскелеріне құқық беруден бас тартудың негізгі себептері өтініш берушілердің құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы, сондай-ақ жер заңнамасының нормаларына сәйкес берілуі тек сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы жүзеге асырылатын жер учаскелерін сұрау болып табылады.

 

Бюджетке түсетін түсімдер

Бүгінгі күні жер пайдаланушылармен жалпы сомасы 3,2 млн. теңгеге  27 сатып алу-сату шарттары және 247 жалдау шарттары жасалды.

Оның ішінде, ағымдағы жылда жерді сату бойынша аукцион өткізілді, онда жалпы сомасы 4,7 млн.теңгеге 7 учаске сатылды.

 

Жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту

2021 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша 6 конкурс өткізілді, оның ішінде:           4 негізгі және 2 қайталама. Конкурс қорытындылары бойынша жалпы ауданы                2,0 мың га 21 жер учаскесі берілді, конкурстық өтінімдердің болмауы себебінен жалпы ауданы 0,2 мың га 6 жер учаскесі іске асырылмады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру бойынша тағы 2 конкурс жарияланды, оларға жалпы алаңы 0.6 мың га 11 жер учаскесі қойылды, қорытындысы 2021 жылғы қарашада шығарылатын болады.

Жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын күтіп-ұстау жөніндегі мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін              3,2 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер берілді.

 

Жерді мемлекеттік меншікке қайтару

Ұлан ауданы бойынша 2021 жылдың басынан бастап босалқы жер санатына жалпы ауданы 3,0 мың га болатын 21 ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жер учаскесі ауыстырылды. Жер учаскесі жер пайдаланушылардың жерге деген өз құқықтарынан ерікті түрде бас тартуына байланысты жер учаскелеріне ауыстырылды.

ҚР Жер кодексінің 82-бабы негізінде, учаскеге берілген мерзім аяқталғаннан кейін жалпы ауданы 2,3 мың га болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 15 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

 

Пайдаланылмайтын жерлерді анықтау

         Qoldau.kz (Қолдау.кз) порталдың көмегімен жайылымдық жерлердің ұтымсыз пайдаланылуына мониторинг жүргізілді. Ауыл шаруашылығы жануарлары жоқ жерпайдаланушылар бойынша тиісті тексерулер жүргізу үшін 2,3 мың га жайылымды ұтымсыз пайдалану туралы 16 акт жасалды.

         Геосервисте zher.gharysh.kz (ЖерҒарыш.кз) егістік жерлерді пайдалануға космомониторинг жүргізілді. 13,8 мың гектар жерге одан әрі тексеру жүргізу үшін талдау жүргізіледі.

 

 

Ұлан ауданының  жер қатынастары

бөлімінің басшысы                                                                                     Н. Михейлис

Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімінің 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы
Дата публикации
28 июля 2022