Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2022 жылдың 1 наурызына ауданның халық саны – 37 557 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2022 жылдың қаңтар-наурыз айында нақты бағада 8 141,8 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 109,5% құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 2,6 есеге артты, өндіріс өнеркәсібі- 108,5%, азық түлік өнімдерін өндіру- 105,5 % құрады.
2022 жылдың қаңтар- наурыз айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 4 318,8 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 121,1 есеге жоғарылады. Тұрғын үйді енгізу 71,9% артты өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 799,5 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 11 528,2 тонна (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 109,5 %-ды) құрады.
11 799,5 тонна (104,1 %) - сүт өндірісі.
703,1 мың дана (12,7 %) - жұмыртқа
2022 жылдың 1 сәуіріне Ірі қара мал саны 100,1 % ұлғайып, сиырдың басы 102,3% ұлғайды, қой мен ешкі саны 106,3 % ұлғайды, шошқа 1,7% азайып, жылқы басы 109,4% ұлғайды және құс басы 105% артты.
2022 жылдың наурыз айында орташа еңбек ақы мөлшері 200 259 теңгені құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 117,8 %-ға ұлғайды.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 109,6 % ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 115,5 % артты.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2022 жылдың наурыз айында 41 724 теңгені құрады.
2022 жылдың наурыз айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 103,3 % мөлшерін құрады.