Ұлан ауданының әкімі Р. Т. Құрмамбаевтың және ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің тұрағындар алдында 2022 жылғы 1-18 ақпан аралығында есеп беру кездесулерінің кестесі әзірленіп, бекітілді. Барлығы аудан әкімінің 16 кездесуі мен ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің 26 кездесуін өткізу жоспарланды, соның ішінде 16 кездесу Instagram желісінде онлайн қосылу арқылы.
Барлығы кездесулерге 2224 адам қатысты, соның ішінде 370 адам онлайн форматында. Сөз алған 32 адам болды. Барлығы 25 сұрақтар көтеріліп, ұсыныстар енгізілді. Негізгі сұрақтар жер қатынтастары мен басқа да мәселелерге қатысты болды. Өткізілген кездесулер жайында ақпарат аудандық «Ұлан таңы-Уланские зори» газеті мен әлеуметтік желілерде жарияланды.
Есептік кездесулер қорытындысы бойынша іс шаралар жоспары әзірленіп, барлық сұрақтар бақылауға алында және жауапты орындаушылар мен берілген тапсырмалардың орындалу мерзімдері белгіленді.