Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының
2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
№ 249 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2020 жылғы 30 сәуірде № 20542 болып тіркелген) сәйкес Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ұлан ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
- Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
- осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің аудан аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
- осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Р. Болатқанға жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданының әкімі Р. Құрмамбаев