«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына, 2020 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Асубұлақ кенті әкімінің аппаратымен жеке және заңды тұлғаларға ауданда мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.
Жергілікті атқарушы органымен 2021 жылда мемлекеттік ұйыммен 25 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде:
- мемлекеттік ұйыммен – 15;
- «электронды үкімет» веб-порталы арқылы - 10.
Динамикаға сай ең көп көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:
- Шалғай ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды оқу орындарына және үйлеріне тегін тасымалдаумен қамтамасыз ету – 15,
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 10;
Бүгінгі күні Бозанбай ауылында 2 өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасап тұр, онда оқытылған мамандар кеңес береді. Өткен жылы аталмыш бұрыш арқылы 836 электронды қызмет көрсетілді.
Бір жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.