«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыруға бағытталған көптеген қызметті ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеп келеді. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.
01.01.2026ж. мен 31.03.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 17,7 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 8,6 млн-ы электрондық форматта, 8,8 млны-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,9%-ын құрады. Салымшыларға 200,9 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 194,9 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.