Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сібе көлдері

Сібин көлдері – бұл хрустальдай таза, көздің жауын алатын изумруд түсті бес көл, олар  айналасындағы  таулардың алқасындағы гауһартас тәрізді орналасқан. Сібин көлдеріне апаратын жол Аблайкит тауларының көркем ландшафттары арқылы өтеді. Көлдердің өздері аласа таулардың "табанында" орналасқан, сырт көзге көпқабатты тортқа ұқсайды. Ғылыми зерттеулерге сәйкес, көл сулары тұщы, әлсіз сілтілі және фторидтер мөлшері жоғары. Бұл фтор бальнеологиялық процедураларда пайдалы. Мұнда арнайы жабдықталған жағажайлар бар. Жыл сайын тамыз айында сүңгу (дайвинг) фестивалі өткізіледі.

Сібин көлдері жайлы аңыздар ғалымдардың айтуынша, бұл көлдер Аблайкит жотасынан ағатын өзен аңғарларының бөгелуі нәтижесінде пайда болған. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл жерден өтетін Сібинка өзенінің суы тау тізбегі түріндегі кедергіден "кері серпіліп", жан-жаққа жайылған.

Алайда мұндай ғылыми түсініктеме адамдардың жүрегін онша сендірмейді, сондықтан Сібин көлдері туралы көптеген аңыздар таралған. Сол аңыздардың бірінде былай делінеді: Жаратушы иеміз бұл өлкенің тауларын, өзендерін, өсімдіктерін жаратқаннан кейін, өз еңбегіне риза болып, осы жерге өзінің қолтаңбасын қалдырғысы келген. Ол жерге алақанын тигізген кезде жанындағы жартастар екіге жарылып, саусақтарының іздері орнында мөлдір суларға толған шұңқырлар пайда болған. Расымен де, биіктен қарағанда бұл көлдер адам алақанының ізіне ұқсайды деп айтып жатады.

Тағы бір аңызда бес көл – аюдың тырнағының ізі деп саналады. Айтпақшы, бұл өңірде аюлар бар, бірақ, қуанышқа орай, туристерге олар сирек кездеседі.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы