Аудандағы туризм саласы жағажай, мәдени-танымдық, сауықтыру және спорттық-әуесқой балық аулау түрлерімен ұсынылған.
Анықтама үшін: 2024 жылғы статистикалық деректер бойынша туристер саны 13,7 мың адамды құрады, орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 260,9 млн. теңге мөлшерін көрсетті.
Ағымдағы жылдың мамыр айында жерлесіміз Тойбазаров Мұхтар Серікұлының бастамасымен «Altai Fest» Қызылтас (Сорокин) тауына шығу фестивалі өткізілді - оған 600-ден астам адам қатысты (оның ішінде туроператорлар арқылы турпакеттер сатып алған 450 турист), қатысушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты.
Бозанбай ауылында ауылдық этнотуризм табысты дамуда, қонақ үйлер мен этно үйлер (көшпенділер үйлері) бар. Туристерге этно-үйлерде ұлттық мәдениет, дәстүрлермен әдет-ғұрыптарды таныстырып қызмет көрсетіледі.
2021 жылы қонақүйлердің иелері Мукай Нагима, Ошан Шакарман және Абдулла Кульджи туристік қызметті дамыту бойынша оқу курстарынан өтті, сондай-ақ ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоғамдық қоры арқылы грант алды.
Привольное, Алғабас ауылдарында және Аблакет ауылдық округінде жол бойындағы қызметтерді дамыту үшін 3 санитарлық-гигиеналық торапты орнатуға аудан бюджетінен сомасы 20,2 млн. теңге қаражат бөлінді, сондай-ақ Алматы тас жолында 1 санитарлық-гигиеналық торап "Қазавтожол" АҚ орнатылды.
Келесі жылы облыстық бюджет есебінен Тарғын ауылындағы Өскемен-Самар жолының бойында «КЭМОНТ» АҚ эскиздік жобасы бойынша санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспарлануда. Жобаның ерекшелігі, жол бойындағы кешен ішінде жолаушыларға арналған кафе болады.
Туризмді одан әрі дамыту шеңберінде өңірде «Ақбаур» және «Аблайкит» Тарихи кешендерінде туристер үшін қонақ үйлер мен этно-киіз үйлер орнату, атпен және жаяу серуендеу үшін туристік маршрут құру (өңірдің тарихымен, ұлттық дәстүрімен, қолөнерімен және ұлттық тағамдарымен танысу үшін гид маманын тарту) жоспарлануда. Турпакеттер әртүрлі қызығушылықтар мен бюджеттерге бейімделеді.
Шалқар көлінде қысқы демалыс түрлерін дамыту жоспарлануда (жылы павильондар, ыстық тамақ, қысқы спорттық жабдықтарды жалға алу). Жазда көлде муниципалды жағажай жұмыс істейді.
Жыл сайынғы «Шығыс салбұрыны» халықаралық фестивалі жалғасады, оған Қазақстанның басқа облыстары мен шет елдердің бүркітшілері қатысады. Осы спорт түрін дамыту мақсатында Бозанбай ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) ғимаратында орналасқан ұлттық спорт түрлеріне оқыту орталығын ашу жоспарлануда.
Болашақта Дұбығалы және Шыбындыкөл көлдеріне, «Аюда» демалыс базаларына және «Аблайкит» тарихи кешеніне автомобиль жолдарын жөндеу, сондай-ақ Дұбығалы және Шыбындыкөл көлдерінің жағалауларында орналасқан туристік объектілерге мобильді байланыс пен Интернетті қосу жоспарлануда.