GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
Әлеуметтік қорғау
20 октября 2026
Қарттар күнін өткізу туралы

Саратовка ауылдық округінде 2026 жылғы 15 қазанда Қарттар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік бағдарлама аясында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ақ дастарқан жайылып, қонақтарға дәм ұсынылып, мерекелік дастарқан басында жылы жүздесу мен ізгі тілектер айтылды.

Іс-шара барысында Саратовка ауылдық округінің әкімі мен округ депутаты құттықтау сөз сөйлеп, ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі.

Қарияларымыз – халқымыздың алтын қазынасы, өмірлік тәжірибесі мен өнегесінің қайнар көзі. Оларға құрмет көрсету – баршамыздың ортақ парызымыз.

Барша қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаттық пен мол бақыт тілейміз! 

Есептік кездесулер
13 октября 2026
Округ әкімінің тұрғындармен кездесуі туралы

2026 жылғы 6 қазанында Саратовка ауылдық округінің ауылдарында округ әкімі Манапов Азамат Қадырбайұлының округ тұрғындарымен кездесулері өтті. Кездесулерге учаскелік полиция инспекторы Ескендиров А.М., Ұлан аудандық мәслихатының депутаты Тулегенов И.У., «Коммунальник» КМК өкілдері, медицина қызметкерлері және ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты. Кездесу барысында тұрғындар елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жағдайы, коммуналдық қызмет көрсету, жолдардың жай-күйі, көшелерді жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, медициналық қызмет көрсету және басқа да тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді көтерді. Көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Қосымша қарауды және шешуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынды. Саратовка ауылдық округінің тұрғындарына кездесулерге белсенді қатысқандары, туған ауылдарының дамуы мен абаттандырылуына бейжай қарамай, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіргендері және сындарлы диалог үшін алғысымызды білдіреміз.

Мәдениет
03 августа 2026
Семинар өткені туралы

2026 жылғы 3 тамызында “Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы
07 июля 2026
Жол белгілерін орнату туралы

Құрметті тұрғындар мен жүргізушілер! Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттық жағдайлардың алдын алу және автокөлік жылдамдығын мәжбүрлі түрде төмендету мақсатында Ново-Одесское  ауылында «жасанды жол кедір-бұдырлары» орнатылды.  Сондай-ақ, аталған жол учаскелерінде жүргізушілерге алда жасанды кедір-бұдырдың бар екенін ескертетін барлық қажетті тиісті жол белгілері толықтай қойылды. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын мұқият болуға шақырамыз:  Жүргізушілерге: жылдамдық режимін қатаң сақтап, белгілердің алдында жылдамдықты бәсеңдету қажет. Жаяу жүргіншілерге: жолды тек белгіленген орындардан, қауіпсіздікке көз жеткізіп барып кесіп өту керек. Жолдарымызды бірге қауіпсіз етейік!

Сыбайлас жемқорлық
22 апреля 2026
"Саратовка ауылдық округі әкімі аппараты" ММ қзметіндегі жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын талқылау

2026 жылғы 22 сәуірде «Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талқылау өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық
15 апреля 2026
"Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қоғамдық талқылауы өтетініні туралы

2026 жылдың 22 сәуір күні сағат 11-00-де ШҚО,  Ұлан ауданы, Саратовка ауылы, Молодежная көшесі, 4 мекен-жайында «Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жария талқылау өтетінін хабарлаймыз.

Сыбайлас жемқорлық
17 марта 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тауекелдеріне ішкі талдауды 2026 жылғы 1 сәуірден бастап жүргізуге кіріседі.

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы
13 марта 2026
Қар тазалау және жолдағы ойық-шұңқырлар мен көлік іздерін (колея) тегістеу жұмыстары

Саратовка ауылдық округінде жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау және жолдағы ойық-шұңқырлар мен көлік іздерін (колея) тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Арнайы техника жұмылдырылып, елді мекен көшелері мен негізгі жол учаскелерінде қардан тазарту жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда. Аталған жұмыстар тұрғындар мен көліктердің қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. 

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы
25 февраля 2026
Қардан тазалау жұмыстары туралы

Саратовка ауылдық округінде көшелерді қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Негізгі жолдар бойынша қозғалыс ашық, үйлерге және қоғамдық аумақтарға кіру жолдары тазартылды. Көшелерді қысқы күйде ұстау жұмысы үнемі бақылауда және жалғастырылады.

 

Тұрғындарды жолдарда сақтықпен жүруді сақтауға және проблемалы учаскелер туралы хабарлауға шақырамыз.

19 февраля 2026
Студенттермен кездесу туралы

 

 
Бекітілген желілік кестеге сәйкес Ұлан аудандық мәслихат депутаты И.У. Тулегеновтың Саратовка ауылдық округінің әкімі А.Қ. Манаповпен бірлесіп, Саратовка ауылында орналасқан ШҚО көпсалалы колледждің студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды:
- білім, ғылым, мәдениет және инновациялар – болашақ мемлекеттің негізі және адами капиталдың дамуы ретінде анықталды;
- адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейту – әділдік, теңдік және заң үстемдігін қамтамасыз ету принциптері бекітілді;
- сот жүйесін жетілдіру – оның тәуелсіздігін арттыру және конституциялық бақылауды нығайту;
- мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру – ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету.
Мазмұнды талқылау барысында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Өткізілген кездесу ашық пікір алмасу алаңы болып, қоғам үшін маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы