"Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ (бұдан әрі – әкім аппараты) құзыреті шеңберінде мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
3)сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
4) жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату;
5) жер учаскесін алуға кезекке қою.
Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
2024 жылы әкім аппаратымен барлығы 8 қызмет көрсетілді (оның ішінде:
көрсетілетін қызметті алушылар заңды тұлғалар – 2, жеке тұлғалар - 6), оның ішінде: 8-сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" қызметі неғұрлым талап етілетін қызметтердің бірі болып табылады.
Көрсетілген 8 қызметтің барлығы – электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта. Осылайша, электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 100 % құрайды.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 тіркелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы бұйрығымен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Ереже бекітілді. Қағидаларда өтініштерді қағаз түрінде берудің баламасы алынып тасталды ("Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруден" басқа), осыған байланысты 2024 жылы іс жүзінде барлық қызметтер электрондық форматта көрсетілді.
17.05.2024, 04.10.2024 жылы ZOOM режимінде әкімдік маманы Ұлан ауданының ақпараттық технологиялар бөлімі өткізген "Мемлекеттік қызметтер туралы" ҚР Заңын түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинарға қатысты.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2023 жылғы 19-21 маусым аралығында "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және дебюрократизациялау" тақырыбына біліктілікті арттыруды бас маманы Г. Байбатырова өтті.
2024 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Саратовка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда мамандар автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар стендте орналастырылған. Сондай-ақ, қызметкерлер округ тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.