Меню

Страницы

Статья

"Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

"Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ (бұдан әрі – әкім аппараты) құзыреті шеңберінде мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

2) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

3)сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

4) жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату;

5) жер учаскесін алуға кезекке қою.

Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

2023 жылы әкім аппаратымен барлығы 15 қызмет көрсетілді (оның ішінде:

көрсетілетін қызметті алушылар заңды тұлғалар – 9, жеке тұлғалар - 6), оның ішінде:

14-сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

1-жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" қызметі неғұрлым талап етілетін қызметтердің бірі болып табылады.

Көрсетілген 15 қызметтің барлығы – электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта. Осылайша, электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 100 % құрайды.

3 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, барлығы электронды түрде.

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" қызметі бойынша барлық 6 бас тарту (жеке тұлғалардан 2 өтінім, заңды тұлғалардан 1 өтінім).

Бас тартудың негізгі себептері: ҚР Жер кодексінің 44-1-бабының 2-тармағына сәйкес жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу объект пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі; сауда-саттықта беріледі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда             № 21366 тіркелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің      2020 жылғы 1 қазандағы бұйрығымен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Ереже бекітілді. Қағидаларда өтініштерді қағаз түрінде берудің баламасы алынып тасталды ("Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруден" басқа), осыған байланысты 2023 жылы іс жүзінде барлық қызметтер электрондық форматта көрсетілді.

02.10.2023 жылы ZOOM режимінде әкімдік маманы Ұлан ауданының ақпараттық технологиялар бөлімі өткізген "Мемлекеттік қызметтер туралы" ҚР Заңын түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинарға қатысты.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2023 жылғы 19-21 маусым  аралығында "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және дебюрократизациялау" тақырыбына біліктілікті арттыруды бас маман                        Г. Байбатырова өтті.

2023 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Саратовка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда мамандар автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар стендте орналастырылған. Сондай-ақ, қызметкерлер округ тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

 

Дата публикации
27 марта 2024
Дата обновления
27 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
12 октября 2026
Округ әкімінің 2026 жылдың 2 жартыжылдығына тұрғындармен кездесу кестесі
Ақпарат
09 октября 2026
Мәдениет
09 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы