«Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

«Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

 

«Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – әкім аппараты) құзыреті шеңберінде мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

2) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

3) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

4) жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

5) жер учаскесін алуға кезекке қою.

Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

2025 жылы әкім аппаратымен барлығы 16 қызмет көрсетілді (оның ішінде:

көрсетілетін қызметті алушылар заңды тұлғалар – 3, жеке тұлғалар – 13), оның ішінде: 8-сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; 2-жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; 4-елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; 2- жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметі неғұрлым талап етілетін қызметтердің бірі болып табылады.

Көрсетілген қызметтердің 10–ы – электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта, 6-ы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алынған. Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны 62,5 % құрайды.

2025 жылы «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуден 1 бас тарту болды (Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас тарту хаты негізінде ҚР Жер кодексінің 48 - бабына сәйкес ангар салу үшін жер учаскесін беру).

 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда           № 21366 тіркелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің      2020 жылғы 1 қазандағы бұйрығымен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Ереже бекітілді. Қағидаларда өтініштерді қағаз түрінде берудің баламасы алынып тасталды («Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруден» басқа), осыған байланысты 2025 жылы 10 қызмет электронды форматта көрсетілді.

21.04.2025 жылы ZOOM режимінде әкімдік маманы Ұлан ауданының ақпараттық технологиялар бөлімі өткізген "Мемлекеттік қызметтер туралы" ҚР Заңын түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинарға қатысты.

2025 жылғы 21-22 сәуірде бас маман Г. Байбатырова «Мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи жүйелері. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кәсіби дағдыларды (құзыреттерді) қалыптастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбына біліктілікті арттыруды өтті.

2025 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Саратовка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда мамандар автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар стендте орналастырылған. Сондай-ақ, қызметкерлер округ тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

 

 

Дата публикации
28 января 2026