ШҚО Ұлан ауданы
"Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
ШҚО Ұлан ауданы "Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына», Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Сақтағанов бекіткен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Башевпен 2024 жылғы 29 наурызда келісілген Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес жүргізілді
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылғы 1 шілде мен 2024 жылғы 31 шілде аралығында Саратовка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 28 өкімімен бекітілген жұмыс тобы жүргізді.
Талдау кезеңі: 2023 жылдың 6 айы және 2024 жылдың 6 айы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі талдау) Ұлан ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мәні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы "Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметінің барлық салаларының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау, бюджеттің атқарылуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қызметтер, өтініштер, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-әкім аппараты) 2013 жылғы 31 қаңтардағы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік (БСН 980840001079) негізінде әрекет етеді, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы "Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі негізінде (Ұлан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 66 қаулысымен бекітілген) атқарады.
Саратовка ауылдық округінің әкімі Саратовка ауылдық округінің аумағында Ұлан ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасы болып табылады және оған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен жүктелген функцияларды іске асырады.
І. Әкім аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
ШҚО Ұлан ауданы «Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Әкім аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, ШҚО Ұлан ауданы Саратовка ауылдық округі әкімі аппаратының Ережесін, әкім аппаратының қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Әкімдіктің нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу, келісу және қабылдау "Құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңына, Қазақстан Республикасының "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 16 қазандағы №569 қаулысына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Өз қызметінің ерекшелігіне байланысты ШҚО Ұлан ауданы «Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты» жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметі саласына жататын Қазақстан Республикасының заңнамасын тұрақты негізде зерделейді. Әкім аппараты қызметкерлерінің қоғамдық реттеудің қандай да бір саласында білімінің әртүрлі деңгейін ескере отырып, белгілі бір тәжірибені ескере отырып, бұл жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындау ықтималдығын қарастыруға болады. Осыған қарамастан, әкім аппараты қызметкерлерінің қорытындылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына негізделеді.
Тексеру барысында "Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Саратовка ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерімен және ҚР заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайтыны анықталды. 2023 жылдың 6 айында: шешімдер-0, өкімдер - 43 (40 – негізгі қызмет бойынша, 4 –жеке құрам бойынша) қабылданды.
2024 жылдың 6 айында: шешімдер-0, өкімдер - 42 (негізгі қызмет бойынша – 30, жеке құрам бойынша –12) қабылданды.
Персоналды басқару желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде кадрлардың ауысуы.
Талдау барысында әкім аппаратында кадр жұмысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Заңының, "Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығының нормаларына, "Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша әкім аппаратының штат саны 5 мемлекеттік қызметшіні құрады, оның ішінде: әкім – 1 бірлік, бас маман – 3 бірлік, жетекші маман – 1 бірлік (іс жүзінде: бас маманның 2 бірлігі және жетекші маманның 1 бірлігі уақытша бос лауазымдар (декреттік демалыста). 2023 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде өз еркімен жұмыстан шығарылған жоқ. 2024 жылғы 1 қаңтарға штат саны 5 бірлік мемлекеттік қызметші, оның ішінде: әкім – 1 бірлік, бас маман – 3 бірлік, жетекші маман – 1 бірлік (1 бас маман және 1 жетекші маман декреттік демалыста). 2024 жылдың 1 шілдесіне нақты саны 2 бірлікті құрады, оның ішінде: әкім – 1 бірлік, бас маман – 1 бірлік. 2 бас маман басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен жұмыстан шықты (бас мамандардың бірі уақытша бос лауазымды атқарды), 1 жетекші маман және 1 бас маман декреттік демалыста.
Қызметкерлер және техникалық қызметкерлер:
Бухгалтер – 1 бірлік.
Жүргізуші -1 бірлік.
Қызметтік үй – жайларды тазалаушы-0,5 бірлік.
Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес лауазымдарға қабылданды.
Қызметшілер мен техникалық персонал Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес лауазымдарға қабылданды.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған, әкімшілік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілер жұмыстан шығарылған жоқ.
Талдау барысында мүдделер қақтығысы жағдайлары анықталған жоқ.
Жақын туыстарының, жұбайларының және жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) жоқ.
Ішкі жұмыс тәртібін, лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, лауазымдық нұсқаулықтарды реттейтін негізгі құжаттар бар.
Ағымдағы кезеңде кадр мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу
Жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезіндегі аффилиирлену фактілерін талдау барысында анықталмаған. Талдау барысында әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Тексерілетін кезеңде әкім аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлықтың көріну фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Саратовка ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде көрсетіледі.
Әкім аппаратында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету лауазымдық міндеттерінде бекітілген және оны бас маман Г. Байбатырова жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары мен регламенттерінде айқындалады.
2023 жылдың 6 айында халыққа 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді,
олардың ішінде:
2023 жылдың 2 жартыжылдығында дәлелді бас тартулар болған жоқ.
2024 жылдың 6 айында халыққа 1мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.
Өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы халыққа жалпы 553 қызмет, 2023 жылдың 6 айында - 351 қызмет, 2024 жылдың 6 айында-202 қызмет көрсетілді.
Округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен регламентін бұзушылықтар анықталған жоқ. Жер учаскелеріне қатысты мемлекеттік қызметтер "Е-лицензиялау"электрондық-ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ. Қызметкерлерге шағымдар түскен жоқ.
Азаматтар үшін әкім аппаратының интернет-ресурсында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат бар.
Зерттеу кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қандай да бір теріс нысандар (проблемалар) жоқ.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі. Ауылдық округ әкімі жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдайды. Азаматтарды қабылдау кестесі азаматтар үшін қолжетімді жерде орналастырылған.
Әкім аппаратына өткен уақыт аралығында барлығы 5 өтініш келіп түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан -2, жеке тұлғалардан-3. 2023 жылдың 6 айында және 2024 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу тәртібін бұзу анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы көрінбейді.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс:
"Instagram", "Facebook"әлеуметтік платформаларында әкімдік мамандары парақшалар жүргізеді. Әкімдік атына сыни материалдарды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы көрінбейді.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.
Әкім аппаратында аппараттық кеңестерде, жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабақтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу және талқылау жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді әкім аппаратының қызметкерлері орындайды. Әкім аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ. Ағымдағы уақыт кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері Ұлан ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына кірістері туралы декларацияны уақтылы тапсырады. Сондай-ақ,"сенім телефоны " бар, ол туралы ақпарат әкімдіктің үй-жайында азаматтар үшін қолжетімді жерде орналастырылған.
Мемлекеттік мекеме қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық бюджеттік бағдарламалар "Ашық бюджеттер" порталында жарияланады, ай сайын есептер "Е-Қаржымині" электрондық жүйесінде тапсырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы көрінбейді.
Ақпараттық қауіпсіздік
Әкім аппараты ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды "Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысына сәйкес жүзеге асырады. Әкім аппаратында жүйелі негізде мемлекеттік органның қызметінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Вирусқа қарсы базаларды жүйелі түрде жаңарту, жұмыс станциялары\серверлер\ноутбуктардың вирусқа қарсы профилактикасы, әкім аппаратының ақпараттық жүйелері үшін логиндерді өзектендіру және мониторингілеу, жұмыс станцияларында парольдерді ауыстыру, Kaztoken кілттерін бақылау жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу
Мемлекеттік сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер заңнамада белгіленген мерзімдерде енгізіледі.
Әкім аппараты мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен уақтылы шарттар жасалады. Бекітілген Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
2023 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін мемлекеттік сатып алу порталында 30 шарт жасалды, оның ішінде:
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен-5;
- өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден сұрау салу тәсілімен-1;
- ашық конкурс -0
- ПКО - 1 конкурсы
- тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен - 19 шарт;
- электрондық дүкен-4.
2024 жылғы қаңтар-маусым аралығындағы кезеңде мемлекеттік сатып алу порталында 18 шарт жасалды, оның ішінде:
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен-1 шарт;
- өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілдері-2 шарт;
- тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен-11 шарт;
- электрондық дүкен арқылы-4 шарт.
Ұсыным: Мемлекеттік сатып алу веб-порталында хабарламаны орындау кезінде тапсырыс берушілердің "мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған "ТБ", "ИОИППЗД" тәсілдерімен жоспар пункттері үшін камералдық бақылау хабарламалары бойынша бұзушылықтарды жою " жөніндегі нұсқаулығын басшылыққа алу қажет.
Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша
Бюджет қаражатын пайдалану қаржыландыруға сәйкес қатаң сақталады, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау тұрақты жүзеге асырылады, сондай-ақ, бюджет қаражатын жоспарлау, негізгі қаражаттың, тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуы мен есептен шығарылуы, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жай-күйі, атқаратын алаңдардың, штат саны белгіленген нормативтерінің сақталуы мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың және ҚР басқа да құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізіледі.
Еңбек, демалыс және іссапар шығындарын уақтылы төлеу
2023 жылға бюджет қаражатының жалпы көлемі 34760100 теңгені құрайды, игеру % - 99,9 % құрады.
2024 жылға 6 айда бюджет қаражатының көлемі 15804300 теңгені құрайды, игеру % - 99,9 % құрады.
Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қорытынды бөлім
Қорытынды бөлім: "Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" жұмыс тобының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жұмыс тобының жетекшісі: А. Манапов
Жұмыс тобының мүшелері: Г. Байбатырова
Д. Бозаева