Әлемнің барлық елдері, соның ішінде ең озық елдер жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгін сыбайлас жемқорлық барлық қызмет салаларын басып алды.
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасын, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін бұзады, азаматтардың билікке сенімсіздігін және қоғамда болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарауды тудырады.
Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлық сияқты зұлымдыққа қарсы күресте белсенді шаралар қабылдауда.
Қоғамның сыбайлас жемқорлықты жою нәтижесіне қол жеткізу мақсатында азаматтардың мектепке дейінгі мекемелерден бастап және бірінші кезекте отбасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу қажет.
Сондықтан халықтың құқықтық сауаттылығы, азаматтардың жауапкершілігі мен өзін-өзі тану деңгейін арттыру қажет .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – оны жоюға бағытталған тұрақты жұмыс екені анық.
Бұл күрестегі басты құрал- сыбайлас жемқорлыққа оның барлық көріністерінде төзбеушілікке тәрбиелеу керек .