Меню

Страницы

Статья

Государственные услуги

"Огневка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі Мемлекеттік қызмет болып табылады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің жіктелген тізбесі қызметтердің бірыңғай тізілімін жасайды. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, "Огневка кенті әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін ұсынады.

Жалпы ережелер.

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Огневка кенттік округінде"Огневка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетеді

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер саны-5;

1.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

2.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру

3.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу

4.Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату

5.Жер учаскесін алуға кезекке қою

Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кенттік округ әкімінің аппаратында нормативтік құқықтық актілермен және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен стенд ресімделді, Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар айқындалды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған. "Электрондық үкімет" порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алу үшін "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы"бар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Кенттік округ әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есеп ай сайын қалыптастырылады, кейіннен оны Ұлан ауданы әкімінің аппаратына ұсынады.

Дата публикации
14 февраля 2024
Дата обновления
16 октября 2026
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
19 октября 2026
Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау
Мақалалар
19 октября 2026
Сайлау-азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуының маңызды құралы сайлау ҚР азаматтарының конституциялық құқықтарын іске асырудың маңызды тетігі болып табылады
Мақалалар
19 октября 2026
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу-әркімнің жауапкершілігі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы