
Огневка кентінде орыс тілінде оқыту бойынша бір шағын жинақты мектеп жұмыс істейді. Оқушылар саны - 19, педагогикалық ұжым - 10 адам.
Жазғы уақытта мектеп жанында сауықтыру демалыс лагері жұмыс істейді.
Мектеп ғимаратында дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Мектептің бұрынғы түлектері сыйға тартқан спорт залы, футбол алаңы, "Воркаут" спорт кешені бар. Қыста хоккей қорабы жұмыс істейді. Мектептің фойесінде үстел теннисін ойнауға арналған теннис үстелдері бар.
Барлық тілек білдірушілер: балалар да, ересектер де теннис, волейбол, футбол, хоккей, дойбы, шахмат, коньки тебу сияқты спорт секцияларына қатысады.
Жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың жағдайы қанағаттанарлық. Электр жылытумен қамтылған. Сумен жабдықтау ұңғымасы бар. Мектеп ғимаратының ішінде жуынатын бөлме жұмыс істейді.