"Қасым Қайсенов кенті әкімінің аппараты" ММ (бұдан әрі – әкім аппараты) құзыреті шеңберінде мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
2024 жылы әкім аппаратымен барлығы 49 қызмет көрсетілді (оның ішінде:
көрсетілетін қызметті алушылар заңды тұлғалар – 1, жеке тұлғалар - 48), оның ішінде:
31 - сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
12 - жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
1 – Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы елді мекен аумағында объекті құрылысын салу үшін жер учаскесін беру туралы өтініш;
5 – Қағаз нысанда жеке меншікке жер учаскесін бір жолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату туралы өтініш.
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" қызметі неғұрлым талап етілетін қызметтердің бірі болып табылады.
Көрсетілген 49 қызметтің көбі – электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта. Осылайша, электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 87,7 % құрайды.
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу бойынша жеке тұлғалардан 1 өтінім мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, барлығы электронды түрде.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша 1 өтінім мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, барлығы электронды түрде.
Жер учаскесін сату туралы 3 бас тарту.
Ауылдық елді мекеннің жерінен жер учаскесін беру туралы 1 бас тарту.
2024 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Қасым Қайсенов кенті әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда мамандар автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар стендте орналастырылған. Сондай-ақ, қызметкерлер кент тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.