"Қасым Қайсенов кенті әкімінің аппараты" ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

"Қасым Қайсенов кенті әкімінің аппараты" ММ (бұдан әрі – әкім аппараты) құзыреті шеңберінде мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  • сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  • жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату.

Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

2022 жылы әкім аппаратымен барлығы 21 қызмет көрсетілді (оның ішінде:

көрсетілетін қызметті алушылар заңды тұлғалар – 5, жеке тұлғалар - 16), оның ішінде:

16 - сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

          5 - жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

 

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" қызметі неғұрлым талап етілетін қызметтердің бірі болып табылады.

Көрсетілген 21 қызметтің барлығы – электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта. Осылайша, электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 100 % құрайды.

10 сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу бойынша мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тартылды (жеке тұлғалардан 7 өтінім) , барлығы электронды түрде.

3 бас тарту жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша.

2023 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Қасым Қайсенов кенті әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда мамандар автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар стендте орналастырылған. Сондай-ақ, қызметкерлер кент тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Дата публикации
03 апреля 2025