Бозанбай ауылдық округі әкімінің аппаратының 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2023 жылы «Бозанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 5 Мемлекеттік қызмет көрсетті:

  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  • Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
  • Жер учаскесін алуға кезекке қою.

         2023 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер ақылы негізде ұсынылмады.      

 Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер түскен жоқ.

         «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы 14 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан - 13, заңды тұлғалардан - 1.

         «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 14, оның ішінде жеке тұлғалардан - 13, заңды тұлғалардан-1.

     Бозанбай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Сервистік әкімдік» орналасқан, оның көмегімен ауылдық округ тұрғындары қажетті қызметтерді «Электрондық үкімет» e-Gov порталы арқылы ала алады.

  • ЭЦҚ алу-356;
  • Соттылық, психиатрия, наркология, фтизиатрия, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар, АӘК алушының мәртебесі, Мұрағаттық анықтамалар) -64;
  • Тұрғылықты жері бойынша тіркелу және тіркеуден шығару-9;
  • Медициналық ұйымға тіркелу-17;
  • Декларацияларды тапсыру-28;

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға бас тарту туралы ақпарат

  2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жоқ.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері). Осыған ұқсас ақпарат бөлімнің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат 

         2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ. 

 

Дата публикации
03 апреля 2025