01.10.2026 күні Азовое ауылдық округінде Халықаралық қарттар күніне орай ауылымыздың ардақты қарттарын мерекелерімен құттықтап, ақ дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылды. Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Осы игі шараға демеушілік көрсетіп, қарттарымызға қуаныш сыйлаған "БАГРАТИОН ҰЛАН" ЖШС демеушісі Воропай Василий Григорьевичке шынайы алғысымызды білдіреміз!
мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде қоғамдағы мәдениет пен этика мәселелеріне ерекше тоқталып, «Мәдениет пен этика әрбір азаматтан және әрбір отбасынан басталуы керек» деп атап өтті. Осыған байланысты 2026 жылдың 4 тамызы күні Ұлан ауданының Азовский ауылдық округі әкімінің кеңсесінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этика стандарттарын сақтау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің Этика кодексін сақтауы, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық танытуы, қызметтік міндеттерін адал және жауапкершілікпен орындауы қажеттілігі кеңінен талқыланды.Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп және жұмыстан тыс этикалық нормаларды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігін атап өтіп, кәсіби этиканы бұзудың алдын алу қажеттілігін атап өтті.
Іс-шарадан кейін мемлекеттік қызметшілермен Этика кодексін қатаң сақтау, сондай-ақ қоғаммен жұмыс істеу кезінде ашықтық пен құрмет қағидаттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 22 сәуірде «Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талқылау өткізілді.
2026 жылдың 22 сәуір күні сағат 11-00-де ШҚО, Ұлан ауданы, Ново-Азовое ауылы, Советская көшесі, 21 үй, мекен-жайында “Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жария талқылау өтетінін хабарлаймыз!
"Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ сыбайлас жемқорлық тауекелдеріне ішкі талдауды 2026 жылғы 1 сәуірден бастап жүргізуге кіріседі.
Азовое ауылдық округіне қарасты Ново-Азовое, Азовое, Бетқұдық ауылдарының көшелерін қардан тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
2025 жылғы 23 маусымда сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Азовое ауылдық округі, Советская көшесі 21, мекенжайы бойынша «Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қоғамдық талқылауы өтетіні туралы хабарлаймыз!
"Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды 2025 жылғы 10 маусымнан бастап жүргізуге кіріседі.
2024 жылғы 25 қараша күні Ұлан ауданының әкімі Арман Ілиясұлы Бекбосыновтың Ново-Азовое ауылы тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуде аудан әкімі халықты толғандыратын әрбір сұраққа тоқталып, оның шешімі туралы айтып өтті. Сонмен қатар бүгінгі күні аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берді. Жиын соңында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
--
Ұлан ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы А. Бакимбаев Азовое ауылдық округі, Ново-Азовое ауылында ардагерлер кеңесін өткізді, жиында «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жұмысы, ұйымның міндеттері мен мақсаттары, ардагерлер бастауыш ұйымының ережелері таныстырылды және округтегі ардагерлер кеңесінің төрағасы тағайындалды.