«Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі
"Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ (бұдан әрі – әкім аппараты) құзыреті шеңберінде мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
2024 жылы әкім аппаратымен барлығы 7 қызмет көрсетілді (оның ішінде:
көрсетілетін қызметті алушылар жеке тұлғалар - 7), оның ішінде:
7 - сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" қызметі неғұрлым талап етілетін қызметтердің бірі болып табылады.
Көрсетілген қызметтің 7 барлығы – Электрондық түрде "Е-лицензиялау" МДБ веб-порталы арқылы электрондық форматта. Осылайша, электронды түрде көрсетілген қызметтер саны басым көбін құрайды.
2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту -2 .
2024 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Азовое ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда мамандар автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар стендте орналастырылған. Сондай-ақ, қызметкерлер округ тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Округ әкімі Б. Бутышев