«Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі
"Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ (бұдан әрі – әкім аппараты) құзыреті шеңберінде мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
2025 жылы әкім аппаратымен барлығы 8 қызмет көрсетілді (оның ішінде:
көрсетілетін қызметті алушылар жеке тұлғалар – 7, заңды тұлға- 1), оның ішінде:
7 - сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу, 1- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" қызметі неғұрлым талап етілетін қызметтердің бірі болып табылады.
Көрсетілген қызметтің 8 барлығы – Электрондық түрде "Е-лицензиялау" МДБ веб-порталы арқылы электрондық форматта. Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны 100 % құрайды.
2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту болған жоқ.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 тіркелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы бұйрығымен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Ереже бекітілді. Қағидаларда өтініштерді қағаз түрінде берудің баламасы алынып тасталды («Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруден» басқа), осыған байланысты 2025 жылы 8 қызмет электронды форматта көрсетілді.
21.04.2025 жылы ZOOM режимінде әкімдік маманы Ұлан ауданының ақпараттық технологиялар бөлімі өткізген "Мемлекеттік қызметтер туралы" ҚР Заңын түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинарға қатысты.
2025 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Азовое ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда мамандар автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар стендте орналастырылған. Сондай-ақ, қызметкерлер округ тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Округ әкімі Д. Нуржанов