ШҚО Ұлан ауданы "Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама
ШҚО Ұлан ауданы «Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен, Шығыс қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Сматлаев бекіткен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Байділдинмен келісілген Шығыс Қазақстан облысының облыстық басқармалары мен қалалар мен аудандар әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесімен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды 2026 жылғы 1 сәуірден 2026 жылғы 1 мамыр аралығында Азовое ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 24 өкімімен бекітілген жұмыс тобы жүргізді. Талдау кезеңі: 2025 жылдың 6 айы және 2026 жылдың 4 айы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - талдау) Ұлан ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің барлық салаларының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызметтер, өтініштер, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері бойынша.
Жұмыс тобы 2025 жылғы 1 шілдеден - 31 желтоқсан кезеңінде және 2026 жылғы 4 ай ішінде «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-әкім аппараты) 2013 жылғы 14 наурыздағы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу (БСН 980840001891) негізінде әрекет етеді, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік - құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережемен (Ұлан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 519 қаулысымен бекітілген).
Азовое ауылдық округінің әкімі Азовое ауылдық округі аумағында Ұлан ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасы болып табылады және оған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен жүктелген функцияларды жүзеге асырады.
ШҚО Ұлан ауданы Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Әкім аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, ШҚО Ұлан ауданы Азовое ауылдық округі әкімі аппаратының Ережесін, әкім аппаратының қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Әкімдіктің нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу, келісу және қабылдау Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 қазандағы №569 «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының қаулысына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Өз қызметінің ерекшелігіне байланысты ШҚО Ұлан ауданы Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты тұрақты негізде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметі саласына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын зерделейді. Әкім аппараты қызметкерлерінің қоғамдық реттеудің қандай да бір саласында білімдерінің әртүрлі деңгейін ескере отырып, белгілі бір тәжірибені ескере отырып, бұл жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындау ықтималдығын қарастыруға болады. Дегенмен, әкім аппараты қызметкерлерінің қорытындылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына негізделеді.
Тексеру барысында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Азовое ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылданатыны анықталды. 2025 жылдың 6 айында 2 шешім, 31 өкім (негізгі қызмет бойынша) қабылданды;
2026 жылдың 4 айында 2 шешім, 29 өкім ( негізгі қызмет бойынша) қабылданды;
Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау барысында әкім аппаратындағы кадр жұмысы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығының, «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №14 бұйрығының негізінде орнатылған.
Әкім аппаратындағы штат саны 2025 жылғы 1 шілдесі бойынша 3 бірлік мемлекеттік қызметшіні құрады, оның ішінде: әкім - 1 бірлік, бас маман - 2 бірлік, өз еркімен жұмыстан босатылған 1 – (округ әкімі, 2025 жыл 13 қазан). 2026 жылғы 1 қаңтар бойынша 3 бірлік мемлекеттік қызметшіні құрады, оның ішінде: әкім - 1 бірлік, бас маман - 2 бірлік, 2026 жылғы 1 мамырға нақты штат саны 3 бірлікті құрайды. Бос орындар жоқ.
Техникалық персонал:
Статистик – 1 бірлік.
Іс қағаздарын жүргізуші -1 бірлік.
Қызметтік үй-жайларды жинаушы-0,5 бірлік.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қабылданды.
Қызметшілер мен техникалық персонал лауазымдарға Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қабылданды.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған, әкімшілік жауаптылыққа тартылған қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Талдау жүргізу барысында мүдделер қақтығысы жағдайлары анықталған жоқ. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы) жоқ.
Ішкі жұмыс тәртібін, лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, лауазымдық нұсқаулықтарды реттейтін негізгі құжаттар бар. Ағымдағы кезеңде кадр мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу.
Жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде үлестестік фактілерін талдау барысында анықталған жоқ. Талдау барысында әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Тексерілетін кезеңде әкім аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністері фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы негізінде Азовое ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
Әкім аппаратында анықтама беру бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету лауазымдық міндеттерде бекітілген және мамандармен жүзеге асырылады: жауапты бас маман Қайнезер З.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалған.
2025 жылдың 6 айында халыққа 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бас тарту- болған жоқ.
2026 жылдың 4 айында халыққа 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бас тарту-0.
Өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы халыққа 58 қызмет, 2025 жылдың 6 айында - 39 қызмет, 2026 жылы-19 қызмет көрсетілді.
Округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша стандарт пен регламентті бұзу анықталған жоқ. Жер учаскелеріне Мемлекеттік қызметтер электронды түрде Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі және қағаз түрінде көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бойынша бұзушылықтар жоқ. Қызметкерлерге шағымдар түскен жоқ.
Азаматтарға арналған әкім аппаратының интернет-ресурсында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат бар.
Зерттеліп отырған кезеңде әкім аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуі бойынша қандай да бір жағымсыз нысандар (проблемалар) жоқ.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі. Азаматтарды қабылдау кестесі азаматтарға қолжетімді жерде орналасқан.
Әкім аппаратына өткен уақыт кезеңінде барлығы 3 өтініш түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан-1, жеке тұлғалардан – 2.
2025 жылдың 6 айында және 2026 жылдың 4 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу тәртібін бұзу анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды
- Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс:
Әкімдік мамандары «Instagram», «Facebook» әлеуметтік платформаларындағы парақшаларды жүргізеді. Әкімдік атына сыни материалдарды анықтау мақсатында тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды.
- Ішкі саясат саласында «Атамның аманаты», «Ардагерлерге тағзым», «Алғыс айту күні», «Мектепке жол» атты бірнеше акциялар өтті. «Мектепке жол акциясы» аясында көпбалалы және азқамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына жеке кәсіпкерлердің, шаруа қожалық басшыларының демеушілігімен оқу құралдры мен сөмкелер таратылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды.
Ауыл шаруашылығы бағыты бойынша ақпарат жинауды ұйымдастырады. Апта сайын бағалар бойынша ақпарат беру, сұралған тапсырмалар бойынша ақпарат беру, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру, шаруа қожалықтарымен жұмыс, ауылшаруашылық техникаларын техникалық байқауды ұйымдастыру, ауылдық округ кәсіпкерлерімен жұмыс.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды.
Төтенше жағдайлар бағыты бойынша-жыл сайын көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық жүргізу, дала өрттері жағдайында ТЖБ-мен бірлесіп жану орнына шығу және ұйымдастыру, сұратылған тапсырмалар бойынша ақпарат ұсыну.
Ұлан ауданының жолдамасы бойынша ВСРК қатарына шақыруды ұйымдастыру. Әскерге шақырылушыларды есепке алу және округтің тіркеу құрамы саласында 2009 жылы туған 6 тіркеуші медициналық комиссиядан өтіп жеке істері ашылды.
Ауылдық округ бойынша мал жаюды ұйымдастыру, ауылдық округтің санитарлық жағдайына жауапты. Округ тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі және әрқайсысына мал шығаруды ұйымдастыру бойынша 408 бапқа сәйкес хабарлама таратылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды.
Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
Әкім аппаратында аппараттық кеңестерде, құқықтық жалпы оқыту сабақтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу және талқылау жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді әкім аппаратының қызметкерлері орындайды.
Әкім аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ. Ағымдағы уақыт кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері Ұлан ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына уақытылы табыс туралы декларация тапсырады. Сондай-ақ, « сенім телефоны» бар, ол туралы ақпарат әкімдік ғимаратында азаматтар үшін қолжетімді жерде орналасқан.
Мемлекеттік мекеме қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық бюджеттік бағдарламалар «Ашық бюджеттер» порталында жарияланады, ай сайын есептер «Е-минфин» электрондық жүйесінде тапсырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды.
Ақпараттық қауіпсіздік.
Әкім аппараты ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес жүзеге асырады. Әкім аппаратында жүйелі негізде мемлекеттік орган қызметінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Вирусқа қарсы базаларды жүйелі түрде жаңарту, жұмыс станцияларының (серверлердің) ноутбуктердің вирусқа қарсы профилактикасы, әкім аппаратының ақпараттық жүйелері үшін логиндерді өзектендіру және мониторингілеу, жұмыс станцияларында парольдерді ауыстыру, Kaztoken кілттерін бақылау жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу.
Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер заңнамада белгіленген мерзімдерде енгізіледі.
Әкім аппаратының мемлекеттік сатып алулары бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
2025 жылғы шілде- желтоқсан аралығында Мемлекеттік сатып алу порталында 22 шарт жасалды, оның ішінде:
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 0 шарт;
- Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілі - 5 шарт;
-ашықконкурс-0 - шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен – 12 шарт;
- Электрондық дүкен арқылы- 5 шарт.
2026 жылғы қаңтар-маусым аралығында Мемлекеттік сатып алу порталында 15 шарт жасалды, оның ішінде:
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 1 шарт;
- Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілі - 4 шарт;
- ашық конкурс-2 - шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен – 8 шарт;
- Электрондық дүкен арқылы-0 шарт.
Ұсыным: Мемлекеттік сатып алу веб-порталында хабарламаны орындау кезінде тапсырыс берушілердің "мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған "ТБ", "ИОИППЗД" тәсілдерімен жоспар пункттері үшін камералдық бақылау хабарламалары бойынша бұзушылықтарды жою" жөніндегі нұсқаулығын басшылыққа алған жөн.
Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша
Бюджет қаражатын пайдалану қаржыландыруға сәйкес қатаң сақталады, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау тұрақты жүзеге асырылады, сондай-ақ бюджет қаражатын жоспарлау, негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың сақталуы мен есептен шығарылуы, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жай-күйі, орналасқан алаңдардың белгіленген нормативтерінің сақталуы мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың және ҚР басқа да құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізіледі, штат санының Еңбек, демалыс және іссапар шығындарын уақтылы төлеу.
2025 жылға бюджет қаражатының жалпы көлемі 36141,2 теңгені құрайды, игеру 100 % - ды құрайды.
2026 жылға 4 ай ішінде бюджет қаражатының көлемі 11006,0 теңгені 30,2% құрайды.
Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қорытынды бөлім.
Қорытынды бөлім: «Азовое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жұмыс тобының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жұмыс тобының жетекшісі : Д. Нуржанов
Жұмыс тобының мүшелері :
Төлеухан Кенжехан
А. Баймуханбетова
Қайнезер Зәулім